ҚоғамОқиғаСемейТОП

Семейде жеңіл көлік кюветке түсіп кетті

Полицейлер Семейде көлік құралының аударылуы жүргізушінің абайсыздығынан болғанын анықтады, – деп хабарлайды Semeynews.kz.

Абай облысы ПД баспасөз қызметінің мәліметінше, 24 қаңтарда жедел басқару орталығына Семей қаласы Шығыс кентінің аумағында LADA Granta автокөлігінің кюветіне түсіп кеткені туралы хабарлама келіп түсті.

Жол-көлік оқиғасы болған жерге келген полиция қызметкерлері 30 жастағы азаматтың басып озу маневрін жасаған кезде рульді басқара алмай көлік құралын аударылуына жол беріп, қозғалыс бағытына қатысты жол төсемінен оң жаққа шыққанын анықтады. Куәландыру жүргізушіде алкогольдік ішімдіктерді тұтыну фактісін анықтаған жоқ.

Абай облысы Полиция департаменті жүргізушілерге жолда өте мұқият және ұқыпты болуға, көлік апатына әкелуі мүмкін кенеттен маневрлер мен тежеулерден аулақ болуға кеңес береді. Жол ережелерін сақтамау қайғылы салдарға әкелуі мүмкін!

Semeynews.kz

Осы айдарда

Back to top button