
Өткен тәулікте өңірде мыңнан астам кәсіпкерлік нысандарына тексеру жүргізілді.
Өскемен қаласында 27 мамырда 162 нысан мониторингпен қамтылды. Мобильді топппен облыстық санитарлық дәрігермен бекітілген шектеу шараларын бұзудың алты фактісі анықтады. Сонымен қатар, алдыңғы мониторинг барысында маскалық режімді бұзғаны үшін бір айыппұл салынды. Жалпы сомасы 43 755 теңге.
Семей қаласында «жылу картасына» кіретін 298 кәсіпкерлік қызметінің нысанына тексеру жүргізу барысында 12 бұзушылық анықталды. Сомасы 131 265 теңгені құрайтын үш хаттама толтырылды және 43 755 теңгені құрайтын бір айыппұл өндірілді.
Шемонаиха ауданында маскалық режімді бұзғаны үшін 43 755 теңгеге бір айыппұл салынды.
Жалпы, 27 мамырда санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды сақтау бойынша рейдтер Абай, Аягөз, Алтай, Бородулиха, Зайсан, Глубокое және Ұлан аудандарында, Курчатов және Риддер қалаларында да жүргізілді. Бұзушылықтар анықталған жоқ.
Semey News.