
27 қаңтарда “Турист” қонақ үйінің ауданында азық-түлік өнімдерінің жәрмеңкесі өтеді, – деп хабарлайды Semeynews.kz.
Бағаның өсуін тежеу және жергілікті тауар өндірушілерді қолдау мақсатында 2024 жылғы 27 қаңтарда “Турист” қонақ үйінің ауданында (Жамбыл көшесі, 9) кәсіпкерлік бөлімі сағат 9-дан бастап қаланың жергілікті тауар өндірушілері мен көтерме фирмаларының бағалары бойынша әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдерінің қалалық жәрмеңкесін өткізеді.
Ассортиментте жеміс-көкөніс, сүт, азық-түлік, ұн өнімдері, тауық еті, жұмыртқа, шұжық және нан өнімдері бар.
Жәрмеңкеге “ВК МКК” АҚ, “Ай-Ар” ЖШС, “Восток бройлер” ЖШС, “Прииртышская птицефабрика” ЖШС, “Семей құс” ЖШС, “Эмтрейд” ЖШС, “Восток Молоко” корпорациясы, “Тұмар” ЖШС, “Зайтенов” ш / қ, ш/ қ “Қалиханұлы”, “Сайлаубаев” ЖК, “Семей” әлеуметтік – кәсіпкерлік корпорациясы “ АҚ, “KONDIZ” ЖШС, “Ермекова” ЖК (Қант орталығы), “Ақ сұңқар” ЖШС және тағы басқа өндірушілердің өнімдері шығарылады.
Қаланың барлық тұрғындары мен қонақтарын жәрмеңкеге қатысуға және делдалдарсыз қолжетімді бағамен өнім сатып алуға шақырады.
Semeynews.kz