Облыс әкімінің кеңесшілеріне қатысты

Абай облысында халықпен қоғамдық кеңесшілер институты арқылы ашық диалог жалғасуда.
Біздің редакция шағын аналитика жасап көрді. Облыс әкімінің қоғамдық негізде ақы алмайтын екі кеңесшісі қызмет атқарады.
Олардың қатарында мүгедектігі бар адамдар мәселелері жөніндегі кеңестің өкілі Руслан Ерембаев бар.
Руслан Ерембаев – заңгер білімі бар 1 топтағы мүгедек. Ол халықтың осы санатындағы барлық проблемалық мәселелерді түсінеді. Мұндай әдіс жергілікті атқарушы органдар мен мүгедектігі бар адамдар қауымдастығы арасында байланыстырушы көпір құруға мүмкіндік береді.
Әлеуметтік мәселелер жөніндегі кеңесші де қызықты. Бұл Шахмұрат Төлеутаев. Қазіргі уақытта Курчатовта тұрады. Ол 1986 жылы Қосағаш ауылында 400 орындық мектеп салуға бастамашы болды. Оның басшылығымен 1992 жылы 90 км жол төселіп, 100-ден астам пәтер және басқа да әлеуметтік нысандар салынды. Халық мойындаған Шахмұрат Игембекұлы екі шақырылым барысында қалалық мәслихат депутаты және мәслихат хатшысы лауазымдарын абыроймен атқарды.
Semeynews.kz