Абай облысыҚоғамТОП

Абай облысында Ертіс өзенінде су деңгейінің көтерілу мәселесі қаралды

Облыс әкімі Нұрлан Ұранхаевтың төрағалығымен төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі облыстық комиссияның отырысы өтті, – деп хабарлайды Semeynews.kz.

Жиынға Семей қаласының әкімі, басқарма басшылары, ТЖ департаментінің өкілдері қатысты. Отырыс барысында Ертіс өзенінде мұздың жиналуы салдарынан су деңгейінің көтерілуі мәселесі қаралды.

Бүгінде құзырлы органдармен барлық тиісті жұмыстар жүргізілді. Қазір су деңгейі 471 см, сыртқы ауа температурасы -10 градус.

Абай облысының ТЖД барлық қаражаты күшейтілген режимге көшті. Су деңгейі көтерілген жағдайда Бейбітшілік аралындағы тұрғындарды эвакуациялау орындары, үй жануарларын апаратын жерлер анықталды.

«Жағдай бақылауға алынды. ТЖД-ның барлық күші тұрғындарға қажетті көмек көрсетуге толық дайын болуы қажет. Халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз ету – біздің басты міндетіміз», – деді Нұрлан Ұранхаев.

Отырыс қорытындысы бойынша халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған хаттама дайындалып, жауапты мекемелерге жолданады.

Semeynews.kz

Осы айдарда

Back to top button