Абай облысыҚоғамОқиғаТОП

Абай облысында жол апатынан екі адам көз жұмды

Абай облысы Көкпекті ауданында екі көлік бір-біріне соқтығысып, екі адам көз жұмды, – деп хабарлайды Semeynews.kz.

Абай облысы ПД баспасөз қызметінің хабарлауынша, «102» арнасына белгісіз ер адамнан республикалық маңызы бар «Омбы-Майқапшағай» тасжолындағы жол-көлік оқиғасы туралы хабар түскен.

Алдын ала мәлімет бойынша, Mazda 626 маркалы автокөлігін басқарған 51 жастағы Семей тұрғыны басып озу маневрін орындау кезінде қарсы жолаққа шығып кетіп, қарсы бағытта келе жатқан Mercedes-Benz Sprinter көлігімен соқтығысқан.

жол апаты
Фото: Абай облысы ПД

Оқиға салдарынан жүргізуші алған жарақатынан оқиға орнында көз жұмды. Түрлі дене жарақатымен тағы бір көліктің жолаушылары ауруханаға жеткізіліп, жатқызылды, «Мазда 626» маркалы автокөлігіндегі 20 жастағы жолаушы ауруханада есін жимай көз жұмған.

Аталған факті бойынша Қылмыстық кодекстің 345-бабының 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Тиісті сараптамалар тағайындалды, оның қорытындысы бойынша процессуалдық шешім қабылданады.

Semeynews.kz

Осы айдарда

Back to top button