
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Рим Папасы Францискпен кездесу үшін Ватиканға келді, – деп хабарлайды Semeynews.kz Kazinform-ға сілтеме жасап.

Мемлекет басшысының келуіне орай швейцариялық гвардияның Құрмет қарауылы сап түзеп тұрды.

Қазақстан Президентін Папа сарайы Префектурасының регенті Леонардо Сапиенца қарсы алды.
