
Бүгінгі таңда Жанна – 5 000 және 10 000 метр қашықтыққа жүгіруден Қазақстанның бірнеше дүркін чемпионы және оны соңғы жылдардағы ең жылдам дамып келе жатқан әйел спортшылардың біріне айналдырды. Жуырда, Австрияның Фюрстенфельд қаласында өткен жүгіруде өзінің спорттық карьерасындағы ең үздік көрсеткішті көрсетті.

- 42 шақырым 195 метрге созылған марафонды ол 2:29:01 уақытында өтті! Токио-2020 Олимпиада ойындарына норматив 2 сағат 29 минут 30 секундты құрады. Ол сондай-ақ осы марафонда чехиялық қарсыласы Тереза Хрочованы 5 секундқа озып, марафонда бірінші орынды жеңіп алып олимпиадалық нормативті орындауды нықтады, – деп ШҚО әкімдігінің ресми парақшасында көрсетілген.
Жаннаның өзі жаттықтырушыларына және жанкүйерлеріне әлеуметтік желілерде марафондағы суреттерін жариялап, ыстық лебіздерін білдіруде.
- Ең қалаулы марафон, алға қойған мақсаттарым жүзеге асырылғанына өте қуаныштымын. Бірінші кезекте өзімнің жаттықтырушым Борис Жгирге жаттықтырғаны, қолдағаны және менің күшіме сенім білдіргені үшін алғысымды білдіргім келеді! Жекелей марафонды ұйымдастырушысы @run2gether.austriaға күшімді сынауға берген мүмкіндіктері үшін және Олимпиада ойындарына деген арманымның орындалуына үміт бергендеріне рахмет айтқым келеді. @marcoturi85 ❤, #merciге, марафонда мені жалғыз қалтырмағандарына және аяғына дейін жүгіргендеріне алғысым шексіз. Құттықтауларыңыз үшін барлығыңызға #рахмет, құттықтаулар көп, мен әлі бәрін оқыған жоқпын, сіздерге өте ризамын, – деп жазды Жанна.
Жанна Мамажанованың Олимпиада ойындарына деген лицензиясы ШҚО спортшыларының Токио-2020 сегізінші лицензиясы. Бұған дейін олимпидалық лицензияны алғандар: Маргарита Торлопова (байдаркаларда және каноэда ескек есу), Екатерина Смирнова (слаломда есу), Руслан Құрбанов (шпагамен семсерлесу), Ольга Рыпакова (жеңіл атлетика), Александр Куликов (слаломда есу), Нұрсұлтан Тұрсынов (греко-рим күресі) и Данияр Қайсанов (еркін күрес).
Semey News