ҚоғамСемейТОП

“Жақсылық жаса!» Акциясы

Семей қаласының төтенше жағдайлар басқармасы балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге және өскелең ұрпақтың қауіпсіз мінез-құлық мәдениетін қалыптастыруға көп көңіл бөледі, деп хабарлайды Semey News.

Басқарманың баспасөз қызметінің хабарлауынша, балалар үшін ең үлкен қауіпті кезең жазғы демалыс кезі, олар ересектердің қарауынсыз қалған кезде туындайды, сондықтан осы уақытта балалардың бос уақытын дұрыс ұйымдастыру қажет және қауіпсіз демалыс үшін жағдай жасау маңызды.

Сонымен қатар, 2021 жылғы 26 мамырда Дүниежүзілік балаларды қорғау күнін мерекелеу қарсаңында 12-ӨСБ Семей қ. жасағының қызметкерлері “Жақсылық жаса!” акциясын «Жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған мектеп-интернаты» КММ-де өткізді.

Акция барысында балаларға тәттілер мен жазғы уақытта қауіпсіз жүріс-тұрыс ережелері бойынша жадынамалар таратылды.

 

Semey News

Осы айдарда

Back to top button