Жыл сайын Қазақстанның мыңдаған азаматтары өмір сүру сапасын айтарлықтай нашарлататын, кейде тіпті олардың жалпы әл-ауқатына қауіп төндіретін денсаулық проблемаларына тап болады. МӘМС жүйесін енгізу арқылы әрбір сақтандырылған қазақстандық үшін әр түрлі медициналық қызметтермен қатар өмірді сақтап қалатын қымбат операциялар да қолжетімді болды.
«Тізе немесе жамбас буындарын ауыстыру сияқты оталардың бірі 1,5 млн теңгеден асады, бірақ сақтандырылған пациенттер үшін ол түгел дерлік тегін жасалады», – деп атап өтті Семей қаласының ЖМЖА ортохирургия бөлімшесінің меңгерушісі Қуаныш Қасымов.
Ортопед-травматолог Дамир Сыдықов 5 жыл бойы тізе ауруынан зардап шеккен Семей қаласы тұрғынының оқиғасымен бөлісті. Консервативті емдеудің сәтсіз әрекеттерінен және ауруханаға ауырсыну шағымдарымен түскеннен кейін оған толық медициналық тексеру, соның ішінде КТ және МРТ жүргізілді. Травмотологтың зерттеу нәтижелеріне сәйкес тізе буынын эндопротездеу операциясы жасалатын болды.
«Маған ЖМЖА-ның травматология және ортопедия бөлімінде ота жасалды. Аурухананың медициналық қызметкерлеріне және әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына алғысымды білдіргім келеді», – деді науқас.
Жаңа тізе буынын имплантациялау бірнеше сағатқа созылады. Эндопротездеу көрсеткіштері – буынның қозғалтқыш функциясының толық немесе жартылай жоғалуына әкелетін патологиялар. Имплантты бекіту әдісін таңдау үшін сүйектердің жағдайын ескеру маңызды. Эндопротездеуден басқа, жарақаттан кейінгі патологияның артроскопиялық операциялары жасалады, олардың құны 800 000 теңгеден асады. Протездерге келетін болсақ, отандық дәрігерлер американдық протездерді қоюды жөн көреді.
Semeynews.kz