ШҚОПроисшествияТОП

Шығыс Қазақстандағы тұрғылықты мекендердің бірінде болған өрттен 1 бала және 9 адам құтқарылды

Бородулиха ауданының Жезкент кентіндегі 5 қабатты тұрғын үйдің бірінші қабатында өрт болды, деп хабарлайды Semey News.

ШҚО ТЖД баспасөз қызметінің хабарлауынша, оқиға орнына келген өрт сөндірушілер шұғыл түрде қатты түтін аумағынан  9 адамды эвакуациялады. Үйдің екінші қабатындағы пәтерлердің бірінен бас жасар бала құтқарылды. Медициналық көмекті үй тұрғындары қажет етпеді. Өрт болған пәтерде жұмсақ жиһаз, мүліктер, аумағы 13 шаршы метрді құрайтын төбе әрлеуі өртенген. Өрттің алдын ала шығу себебі – электр жабдықтарын монтаждау және пайдалану кезінде өрт қауіпсіздігі техникасын сақтамау.

Фото: ШҚО ТЖД

Semey News

Осы айдарда

Back to top button