ҚоғамСемейТОП

Семейде су тасқыны кезеңіне дайындық жұмыстары талқыланды

Бүгін қалалық әкімдік ғимаратында Семей қаласы әкімі Нұрбол Нұрсағатовтың төрағалығымен төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі қалалық комиссияның отырысы өтті, – деп хабарлайды Semeynews.kz.

Жиынға , төтенше жағдайлар басқармасының басшысы А.Братаев, ҚР ТЖМ 68303 әскери бөлімінің командирі С.Мусаифов, «Ертіс бассеиндік инспекциясы» бөлімшесінің бастығы Е.Мадиев, «АЭС Шульбинская ГЭС»ЖШС басшылығы, қалалық коммуналдық мекемелер басшылары, қалалық әкімдік бөлімдерінің басшылары, мердігерлер, «Lider.kz» еріктілер қауымдастығының мүшесі және ауылдық округтердің әкімдері ZOOM платформасы арқылы қатысты. Отырыста 2024 жылғы су тасқыны кезеңіне әзірлік барысы қаралды.

«Төтенше жағдайлар басқармасы мен ТҮКШ, АЖЖТ бөлімдеріне бірлесіп су тасқыны кезеңіне дайындық жұмыстарын қатаң бақылауды тапсырамын. Әсіресе, Мирный, Затон, Пристань, Красный кордон, Дальняя, Сроства аудандарын, Шығыс, Водный, Комсомол, Юность, Бобровка кенттерін және Озерки округіндегі көптеген көлдерді қатаң бақылауға алу қажет. Барлық қауіпті аумақтарды анықтап, су тасқынын болдырмау және алдын алу бойынша нақты шаралар қабылданды. Осы бағыттағы жұмыстарды үздіксіз жалғастыру қажет», – деп атап өтті Нұрбол Нұрсағатов.

Жиын барысында берілген тапсырмалар арнайы хаттамаға бекітіліп қала әкімінің қатаң бақылауына алынды.

Semeynews.kz

Осы айдарда

Back to top button