Абай облысыҚоғамТОП

Абай облысында білім беру және энергетика саласында мамандар тапшы

Қазіргі таңда Абай облысында 3975 бос жұмыс орны болса, оның 790-ы тұрақты жұмыс орны. Тұрақты жұмыс орындарының жалақысы 85,0 мыңнан 865,0 мың теңгеге дейін.

Сондай-ақ мемлекет тарапынан субсидияланатын, жалақысы 85,0 мың теңгеден басталатын уақытша жұмыс орындарына 3185-тен астам бос жұмыс орындары бар.

Тұрақты жұмыс орындарына келесі кәсіби бағыттар бойынша кадрларға негізгі қажеттілік анықталды:
– Білім және тәрбие беру – 188;
– Біліктілігі жоқ мамандықтар – 89;
– Өндіріс – 81;
– Медицина және фармацевтика – 51;
– Қаржы және бухгалтерлік есеп – 46;
– Көлік және логистика – 46;
– Энергетика – 46;
– HR және хатшылық – 32;
– Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және абаттандыру – 23;
– Сауда және қойма шаруашылығы – 21;
-Қызмет көрсету мен сервис– 21;
– Мәдениет және спорт – 19;
– Ауыл шаруашылығы – 16;
– Тамақтану – 14;
– Құрылыс және сәулет – 14;
– Құқықтану – 14.

📲Жұмысқа орналасу үшін осы сілтеме арқылы өтіңіз https://www.enbek.kz/ru/search/vacancy?region_id=10&sort=oplata немесе 8 (7222) 36-01-99 байланыс нөмірі арқылы хабарласыңыз.

Semeynews.kz

Осы айдарда

Back to top button