Абай облысыҚоғамТОП
Абай облысында 26 кәсіпорын өңірді дамытуға жұмсалатын қаржыны бөлуден жалтарған
Абай облысында мемлекет кірісіне 105 млн теңгеден астам қаржы өндіріліп алынды, – деп хабарлайды Semeynews.kz.
Облыс прокуратурасы жер қойнауын пайдаланушылармен лицензиялық және келісімшарттық міндеттемелер сақталуына талдау жасалды.
Келісімшарттарға сәйкес, жер қойнауын пайдаланушылар жыл сайын Абай облысының әлеуметтік-экономикалық дамуына және оның инфрақұрылымына қаражат төлеуге міндетті.
Талдау барысында аталған қаражатты төлеуден жалтарған 26 кәсіпорын анықталды.
Прокуратураның актісі бойынша келісім-шарттарды тиісінше орындамаған жер қойнауын пайдаланушылардан 105 млн. теңгеден астам қаражат өндірілді.
Semeynews.kz