Абай облысыҚоғамОқиғаТОП
Абай облысында автобус 17 жолаушымен кюветке “ұшып кетті”: 2 адам зардап шекті
Абай облысының Үржар ауданында Мақаншы ауылынан 35 шақырым жерде, қатты желдің салдарынан 31 жастағы коммерциялық жолаушылар автобусының жүргізушісі рульді басқара алмай 17 жолаушымен кюветке ұшып кетті, – деп хабарлайды Semeynews.kz.
Абай облысы ПД баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, автобус Қабанбай батыр ауылы – Алматы бағытымен жүрген.
Жол-көлік оқиғасы салдарынан ауруханаға 2 адам жүгінді.
Кюветтен автобусты шығару бойынша шаралар қабылдануда.
Қазіргі уақытта тиісті сараптамалар тағайындалды, олардың нәтижелері бойынша процестік шешім қабылданатын болады.
Абай облысы Полиция департаменті жүргізушілерді жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауға шақырады!
Semeynews.kz