Абай облысыҚоғамОқиғаТОП
Абай облысында көлік өртеніп кетті
Омбы-Майқапшағай тас жолының 783 шақырымында Абай облысының Жарма ауданында Chevrolet автокөлігі өртенді, – деп хабарлайды Semeynews.kz.
Өрт электр жабдықтарының істен шығуына байланысты болды.
Нәтижесінде ешкім зардап шеккен жоқ.
Абай облысы Полиция департаменті жүргізушілерді осындай өрттердің алдын алуға шақырады. Жылына екі рет техникалық байқау жүргізіп, салонда өрт сөндіргіш болуы керек, сондай-ақ автомобильдің техникалық жағдайын тексергеннен кейін алыс жолға шығу керек.
Semeynews.kz