ШҚОДенсаулықТОП

Семейдегі ядролық медицина орталығы экологиялық апатқа себеп болуы мүмкін еді. Сондықтан жобаны түбегейлі түрде қайта әзірлеуге тура келді.

Бүгін Шығыс Қазақстан журналистеріне арнап еліміздегі құрылысы ең ұзаққа созылған нысандарының бірі - Семейдегі ядролық медицина және онкология орталығына «экскурсия» ұйымдастырылды, деп хабарлайды Semey News.

Д.Серікбаев атындағы ШҚТУ мамандары мен профессорлары БАҚ өкілдеріне орталықты неге ерте іске қосу мүмкін болмағандығын түсіндіріп, көрсетті. Белгілі болғандай, жауапсыз мердігерлердің кесірінен медициналық мекеме қауіпті радиация көзіне айналып қана қоймай, бір сәтте күлі көкке ұшып кетуі мүмкін еді.

Фото: Анатолий Тернов

Фото: Антолий Тернов

 

Циклотронды, сұйық радиоактивті қалдықтарды жинау және сақтау жүйесін, позитронды-эмиссиялық томографты және гамма-камераны монтаждау кезінде олқылықтар анықталды. Экс-мердігерлердің жобаға мүлдем немқұрайлы қарағанын тек жергілікті мамандар ғана емес, сондай-ақ, МАГАТЭ мен бірегей жабдық өндіруші фирмалардың өкілдері де дәлелдеді.

Келіп түскен шағымдардың басым бөлігі СРҚ жинау және сақтау жүйесіне қатысты болды. Техника ғылымдарының докторы, ШҚМТУ профессоры Валентина Колпакова, журналистердің бүгін көріп тұрғаны, ол өзінің комиссия құрамына кірген кездегі жағдаймен салыстырғанда жер мен көктей екенін атап өтті.

– Біз ол кезде қатты таң қалдық. Өйткені бұл жүйеде ештеңе стандарттарға сәйкес келмеді, – дейді Валентина Павловна. – Алдымен, мұндай жобада дәнекерлеуді қолдануға болмайды. Радиация олар арқылы өтіп, орталықтың қызметкерлері мен пациенттеріне үлкен зиян келтіруі мүмкін. Бөлшектеу жүргізілген кезде мұндағы пайдаланылған бактардың АЖҚС үшін қолданылатын заттар екені және олардың ағаш тіректерге ұсталып тұрғаны анықталды. Сонымен қатар, жарамдылық мерзімі – 132 күн, яғни көп ұзамай мұнда метан жиынтығы пайда болатын еді. Ал, біз метан жарылған кезде кен орындарында қандай жағдай болатынын жақсы білеміз. Бұның соңы адам шығынына әкелуі мүмкін.

16 рет сот отырысы өткеннен кейін, оның ішінде екеуі қылмыстық іс бойынша, бұрынғы фирманың директоры – жобаның бас мердігері “ИртышГэсСтрой” ЖШС мемлекетке 2,5 миллиард теңге көлемінде залал келтіргені үшін 8,5 жылға бас бостандығынан айырылды.

Қазір СРҚ жинау және сақтау жүйесі қауіпсіз. Сонымен қатар,барлық әлемдік стандарттарға сәйкес келеді. Циклотронға келетін болсақ, сараптамалық комиссияның тұжырымдарына сәйкес, сақтау бөлмесі оны орнатуға және пайдалануға жарамсыз болды. Жеті жыл бойы орнатылмаған және сақтау шарттары сақталмаған.

– Радиациялық сәулеленуден қорғау үшін плитаның жобалық қалыңдығы сақталмаған, – деді ҚР Ұлттық ядролық орталығы ӨТБ басшысы Оксана Журина. – Ол бетоннан жасалып, қалыңдығы 2,5 метр болуы керек еді. Егжей-тегжейлі зерттеу кезінде бетонның тек сегіз сантиметр, ал қалғаны көбік екендігі анықталды. Бұл персоналдың сәулеленуіне әкелуі мүмкін. Сонымен қатар, циклотронды тек өндіруші компания ғана (бұл жағдайда бельгиялық) қамтамасыз ете алады. Олар келіп, құрылғының қандай жағдайда екенін және оған ұзақ уақыт бойы су тамшылап жатқанын көргеннен кейін, кепілдік беруден және қызмет көрсетуден бас тартты. Сондықтан жаңа циклотронды сатып алу қажет болды. Әлемде осындай 41 агрегат бар. Олардың бірі – біздің орталықта.

Бұрынғы мердігер Siemens шығарған позитронды эмиссиялық томографты және symbia гамма-камерасын орнату кезінде олқылықтарға жол берді. Нәтижесінде өндіруші кристалдар мен БФЭКТ жүйесін ауыстыру қажеттілігі туралы сараптамалық қорытынды берді. Оны жаңа мердігер “Фирма Азия” ЖШС өндірді. Адамдардың өліміне және сәулеленуіне әкелуі мүмкін жоғарыда аталған проблемалармен салыстырғанда, желдету, электр және сумен жабдықтау жүйелеріндегі кемшіліктер соншалықты ауыр болып көрінбейді. Бірақ бұл туралы үндемеуге болмайды. Әлемдік деңгейдегі медициналық мекеме терезелер мен есіктерге қатысты болса да, барлық стандарттарға сай болуы керек. Ішкі әрлеу жұмыстары қалпына келтірілді. Инженерлік және техникалық жүйелер іске қосылды. Әйтпегенде нысан пайдалануға берілмес еді.

Ядролық медицина және онкология орталығының құрлысы ұзаққа созылды. Оның өз себебі бар. Айталық, адамдардың өмірі мен денсаулығына қауіп төндіреді. Қазір нысан пайдалануға берілді. Іске қосу кезең-кезеңімен жүргізілуде. Сәуірде радионуклидтік диагностика бөлімшесі жұмысын бастады. Енді жақын арада радионуклидтік терапия бөлімшесі іске қосылады. Енді үшінші кезеңде циклотрондық кешен Радиофармпрепараттарды өндіру және олардың сапасын бақылау блогы және позитрондық-эмиссиялық томограф іске қосылады. Қазір жабдықты іске қосуға рұқсат құжаттарын рәсімдеу жүріп жатыр. Толық іске қосылғаннан кейін ЯМжОО жылына 6600 пациентті қабылдай алады. Бұл есепте тұрғандардың 80% – ға жуығы.

Semey News

Осы айдарда

Back to top button