
Семейдің коммуналдық қызметтері күшейтілген режимде үздіксіз жұмысын жалғастыруда. Қыс мезгілінің басынан бастап қаладан 10 мың текше метрден астам қар шығарылды, – деп хабарлайды Semeynews.kz.
10 қаңтар күні, таңертең, қала бойынша қар тазалау жұмыстарына 80-нен астам жол жұмысшылары мен 80-нен астам арнайы техника, 8 жұмысшы бригадасы жұмылдырылды.
Сонымен қатар, қала бойынша автокөлік жүретін жолдар мен тротуарларда қала тұрғындарының ыңғайлы жүруі үшін құм-тұз қоспасы үнемі себілуде.
Semeynews.kz