Абай облысыҚоғамОқиғаТОП

Абай облысында рульде ұйықтап жүргізуші ЖКО түсті

Абай облысында рульде ұйықтап қалған жүргізуші фураға соғылып, кюветке ұшып кетті, – деп хабарлайды Semeynews.kz.

Абай облысы ПД баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, жол апаты 9 қаңтар күні кешке Омбы-Майқапшағай автожолының 659 шақырымында орын алған.

Болжам бойынша, 30 жастағы Lada Granta жүргізушісі шаршағандықтан рульде ұйықтап, ауыр жүкпен соқтығысқан.

Нәтижесінде басқаруды жоғалтқан жеңіл көлік кюветке ұшып, аударылды.

ЖКО салдарынан зардап шеккендер жоқ.

Semeynews.kz

Осы айдарда

Back to top button