ШҚОҚоғамТОП

Облыс басшысы ШҚО өрт сөндіру қызметі жұмысына жоғарғы баға берді

Жақында Риддерде орын алған орман өртін сөндіруде өрт сөндірушілер үйлестірілген және жанқиярлық жұмысты көрсетті, деп хабарлайды Semey News.

Өрт қаупі бар кезең биылғы жылы ерте басталды, қазір қауіп деңгейі өте жоғары. ТЖД мамандарының айтуынша, өрт шығуының негізгі себептері –  адам факторы және «құрғақ найзағай». Шығыс Қазақстанда маусым басынан бастап 17 өрт орын алды, олардың ішіндегі ең ірісі – Риддер қаласындағы өрт.

  • Адамдармен мұқият алдын алу жұмыстарын жүргізу қажет, – деп Даниал Ахметов облыстық әкімдікте өткен жиналыс барысында атап өтті. – Бұл отқа ұқыпсыз қарау, пеш жабдықтары мен газ баллондарын дұрыс пайдаланбау жағдайларын алдын алу үшін қажет. Сонымен бірге құлақтандыру және барлық күш құралдарды жұмылдыру бойынша бағдарламаны дайындау қажет. Өйткені өрт сөндірудегі сәттілік жедел әрекет жасауға байланысты.

Қазір мамандар қайта жабдықтауды және алмастыруды қажет ететін жабдықтарды анықтау үшін ТЖД және басқа да жұмылдыру қызметтерінің жабдықтарына толықтай тексеру жүргізуде. Қазақстандағы орманды жерлер ел аумағының 4,6 пайызын алып жатқанын, ал орман массивінің негізгі бөлігі біздің облысымызда болуын ескере келе біз ұлттық мұраны сақтауға бар күш-жігерімізді салуымыз керек.

Semey News

Осы айдарда

Back to top button