ДенсаулықҚоғамТОП

Егер науқастың сақтандыру мәртебесі болмаса не істеу керек?

1) Қолжетімді ресурстарды пайдалана отырып, сақтандыру күйін және қарыздың бар-жоғын тексеріңіз.
Берешек болған жағдайда оны соңғы 12 айда (осы жылдың ағымдағы айынан өткен жылдың ағымдағы айына дейін) төлеу немесе реттеу қажет. Сақтандыру мәртебесі 3 жұмыс күні ішінде қалпына келтіріледі.

2) Егер адам өзін-өзі жұмыспен қамтыған немесе БЖТ төлеуші болса, берешекті дербес төлеуші ретінде төлеуге болады.

3) Жеке практикамен айналысатын жеке кәсіпкерде, қызметкерде немесе азаматтық-құқықтық сипаттағы шарт бойынша берешек болған жағдайда жіберілген төлемдердің мәртебесін тексеру қажет. Қайтарылған жағдайда берешек пен өсімпұл төленуі керек.

4) Егер төлемдер қате түрде басқа мерзімге төленсе немесе төлем құжаттары дұрыс рәсімделмесе, сол кезеңдер үшін ақшаны қайтаруға болады. Ол үшін «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ-на жіберілген қатенің себебін көрсетіп, төлемді растайтын құжаттарды қоса бере отырып, өтініш жазу қажет.

Semeynews.kz

Осы айдарда

Back to top button