Бородулихадағы аудандық сот ғимараты қайта жаңғыртылады
Абай облысының әкімі Нұрлан Ұранхаев Бородулиха ауданына сапары аясында облыстық соттың төрағасымен бірге аудандық сот ғимаратына барып, қазіргі жағдайымен танысты, – деп хабарлайды Semeynews.kz.
Кездесу барысында қызметкерлер өз кезегінде халыққа қолайлы жағдай жасау жөніндегі ұсыныстарын жеткізді.
Мысалы, Бородулиха аудандық сот ғимаратында: сот залдары, медиация бөлмелері жеткіліксіз, ал адвокаттар мен прокурорларға арналған кабинет мүлде жоқ. Сондай-ақ, жылыту жүйесі және шатыр мәселесі де көтерілді.
«Аудандық сот ғимаратының іргетасы өте жақсы, ең бастысы қолайлы әрі үлкен аумақта орналасқан. Иә, нысан жөндеуді қажет етеді. Облыс әкімдігі қайта жаңғырту жұмыстарына қолдау көрсетеді», – деді облыс әкімі.
Айта кетейік, ғимарат 1975 жылы салынған. Қазіргі уақытта мұнда 7 қызметкер жұмыс істейді. Нысанда 13 кабинет бар.
Semeynews.kz