Абай облысында тұрғындарды 60 млн теңгеге сан соқтырған алаяқ бас бостандығынан айырылды
Абай облысында тұрғындарды 60 млн теңгеге сан соқтырған алаяқ бас бостандығынан айырылды, – деп хабарлайды Semeynews.kz.
Семей қаласының 32 жастағы тұрғыны азаматтарға өзін сот орындаушысы ретінде көрсетіп, кепілге салынған пәтерлерді банктен төмен бағамен сатып алуға көмектесуге уәде берді. Үй сатып алу үшін ол тұрғындарды бастапқы сомамен инвестициялау қажеттігі туралы сендірген. Адамдар сеніп, 2 млн теңгеден 13 млн теңгеге дейінгі мөлшерде ақша салған. Осылайша, ер адам 14 семейлікті алдап, оларға жалпы сомасы 59 млн теңге материалдық шығын келтірді.
Сот ер адамды ҚР ҚК-нің 190-бабы (Алаяқтық) бойынша кінәлі деп танып, оған 4 жыл 8 ай мерзімге бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады.
– Қазіргі уақытта сотталған А. есімді азамат өзінің кінәсін түсініп, түзу жолға түсуге шешім қабылдады. Бүгінгі таңда сотталған А. ЖК-де ағаштан бұйымдар жасау үшін мекеменің өнеркәсіптік аймағына жұмысқа орналасқан. Ол жалақысын ала отырып, жәбірленушілерге талап-арыз өтеп отыр, – дейді сотталғандардың еңбегін ұйымдастыру бөлімінің бастығы Нурболат Сапарғалиев.
Semeynews.kz