Ұлттық ұлан сапында әскери борышын өтеп жатқан сарбаздарға алғаш рет өздеріне бекітілген қару табысталды, – деп хабарлайды Semeynews.kz.
“Шығыс” өңірлік қолбасшылығының баспасөз қызметі№нің хабарлауынша, 5518 әскери бөлімде салтанатты түрде жас сарбаздарға алғашқы жауынгерлік қару табыстау іс-шарасына әскери бөлім ардагерлері мен құқық қорғау органдарының өкілдері қатысты.
Шараға арнайы келген ардагерлер жас сарбаздарға өздерінің ізгі тілектерін білдірді.
- Әрбір сарбаздың міндеті – өзіне сеніп тапсырылған қару-жарақ пен әскери техниканы шебер меңгеру және оларды Отан қорғауға үнемі дайын ұстау. Қолдарыңа берілген қару тек оқу-жатығуда ғана қолданылсын. Намысты нанға ешқашан сатпаңыздар, сәттілік тілеймін! – деді “Шығыс” өңірлік қолбасшылығы Ардагерлер кеңесінір төрағасы, отсавкадағы полковник Айдар Оразбаев.
Енді сарбаздар өздеріне тапсырылған қаруға бір жыл бойы жауапты болады.
Айта кетейік, №5518 әскери бөлімінің сарбаздары ішкі қараулда жауынгерлік қызмет атқарып, Өскемен қаласындағы қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ететін болады.
Semeynews.kz