ҚоғамМерекеСемейТОП

Семейде “Үздік жаңа жылдық безендіру» байқауының жеңімпаздары анықталды

Кеше Семей қаласы әкімдігі ұйымдастырған, «Семей қаласының ғимараттарының қасбеттері мен оған іргелес аумақтарды жаңа жылдық безендіру» бойынша қалалық байқауының жеңімпаздары марапатталды, – деп хабарлайды Semeynews.kz.

Комиссия мүшелері үздік деп таныған мекенжайларға қала әкімі Нұрбол Нұрсағатов барып жеңімпаздарға марапаттау қағаздары мен ақшалай сертификаттарды табыстады.

Барлығы Конкурсқа 21 өтінім берілді, оның ішінде «Кәсіпорынның, ұйымның қасбетін, іргелес аумақты үздік жаңа жылдық безендіру» номинациясына – 10, «Тұтыну нарығы нысандарының (сауда үйлері, базарлар, супермаркеттер) қасбеттері мен іргелес аумақтарын үздік жаңа жылдық безендіру» номинациясына – 8, «Көппәтерлі  үйлердің ауласын үздік жаңа жылдық безендіру» номинациясына – 3.

Конкурстық комиссия құрамына келесі тұлғалар енді: Н.М. Қалиев – комиссия төрағасы, Семей қаласы бойынша Қазақстан суретшілер одағының мүшесі, мүсінші; комиссия мүшелері: Н.В.Перцева – журналист, өлкетанушы; А.Б. Бакіров – қалалық мәслихат депутаты; М.С. Закимов – тарихи-өлкетану музейінің жоғары дәрежелі маманы; А.А. Қуанғалиева – Семей қаласы мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің бас маманы.

Конкурстық жұмыстарды бағалау нәтижелері бойынша келесі қатысушылар жеңімпаздар болып атанды:

«Кәсіпорынның, ұйымның қасбетін, іргелес аумақты үздік жаңа жылдық безендіру» –  «Шәкәрім атындағы көпбейінді №5 гимназия» КММ;

✓ «Тұтыну нарығы нысандарының (сауда үйлері, базарлар, супермаркеттер) қасбеттері мен іргелес аумақтарын үздік жаңа жылдық безендіру» номинациясы – «Эйкос» ЖШС;

✓ «Көппәтерлі  үйлердің ауласын үздік жаңа жылдық безендіру» номинациясы – Бастамашыл топ /Шәкәрім даңғылы,42/.

Жүлделі орын иелері Семей қаласының әкімінің құрмет  дипломдарымен  және ақшалай сыйлықтармен марапатталды.

Semeynews.kz

Осы айдарда

Back to top button