Аягөз ауданында жастарға арналған баспана бағдарламасы басталды
Абай облысында жастарды баспанамен қамту, жас отбасыларды қолдау, жұмыспен қамту, сапалы білім беру мәселесі басты назарда, – деп хабарлайды Semeynews.kz.
Осыған орай Аягөз ауданында өңір жастарын жеңілдетілген ипотекалық несиелеуге бағытталған «Қозы Көрпеш-Баян сұлу» бағдарламасы қолға алынды.
Бағдарламаға ауданның 18 бен 35 жас аралығындағы білім, денсаулық сақтау, спорт, мәдениет, журналистика, әлеуметтік сала, мемлекеттік, қалалық және республикалық мекеме/ұйымдардағы штаттық қызметкерлер, оның ішінде мемлекеттік қызметшілер қатыса алады.
Жеңілдікті несие «Отбасы Банкі» арқылы 8 жылға 5% үстемемен беріледі. Қатысушының тұрғын үй бағасының 10% құрайтын банк салымы болуы керек.
Алдағы уақытта бағдарлама арқылы берілетін баспана жас отбасыларға айтарлықтай қолдау болмақ.
Semeynews.kz