ҚоғамСемейТОП

Семей қаласының әкімі мереке күндері төтенше жағдайлардың алдын алу бойынша жедел кеңес өткізді

Бүгін Семей қаласының әкімі Нұрбол Нұрсағатовтың төрағалығымен алдағы мереке күндері төтенше жағдайлардың алдын алу және жою бойынша кеңес өтті, – деп хабарлайды Semeynews.kz.

Оған қала әкімдігі бөлімдерінің басшылары, коммуналдық қызметтер мен тасымалдаушы кәсіпорындардың басшылары, ТЖБ және БП мамандары қатысты.

Отырыс барысында Нұрбол Нұрсағатов барлық коммуналдық қызметтерге мереке күндері күшейтілген режимде жұмыс істеуді тапсырды. Сондай-ақ, әкімдік қызметкерлеріне кезекшілік кестесін құру, жекелеген энергетикалық объектілердің, электр беру желілерінің, тұрғын үйлерді сумен жабдықтау көздерінің, ауа-райы нашарлаған жағдайда резервтік энергия жүйелері бар электр станцияларының жұмысын үздіксіз қамтамасыз ету жөніндегі шараларды іске асыру бойынша арнайы хаттама түрінде тапсырма берілді.

“Демалыс және мереке күндері сіздерден авариялық-қалпына келтіру бригадаларының тұрақты дайындығын және оларда аварияларды жою үшін қажетті материалдар мен жабдықтардың болуын қамтамасыз етуді, сондай-ақ электрмен жабдықтаудың резервтік көздерін тексеруді сұраймын. Сонымен қатар, жаңа жылдық мерекелер кезінде отшашуды іске қосу орындарын ұйымдастыруға ерекше назар аудару қажет. ТЖ басқармасы ЖПҚ – мен бірлесіп адамдар көп жиналатын объектілерді және пиротехникалық бұйымдарды сату орындарын тексеруі қажет”, – деді қала басшысы.

Кеңесте көтерілген мәселелер қала әкімдігінің қатаң бақылауында.

Semeynews.kz

Осы айдарда

Back to top button