Абай облысында көпбалалы және аз қамтылған отбасылардың мәселелерін шешу жөніндегі облыстық қоғамдық жұмыс тобының отырысы өтті
Абай облысындағы көпбалалы және аз қамтылған отбасылардың мәселелерін шешу жөніндегі облыстық қоғамдық жұмыс тобы отырысы өтті, – деп хабарлайды Semeynews.kz.
Жиын барысында көпбалалы және аз қамтылған отбасыларының денсаулық сақтау саласының қызмет түрлерін алу, көпбалалы және аз қамтылған отбасылардың дене шынықтыру, спорт және мәдениет қызмет көрсету орталықтарына қолжетімділігі туралы мәселелер талқыланды.
Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Марат Сандыбаев қазіргі таңда облыста 2500-ден астам мүмкіндігі шектеулі бала есепте тұрғанын атап өтті.
«Биыл мүмкіндігі шектеулі балаларға стоматологиялық қызмет көрсету мәселесі шешілді. Сондай-ақ 2024 жылға арналған пациенттерді қабылдау жоспары әзірленді. Емдеуді уақтылы бастау үшін жаңа туған нәрестелер мен жас балалар скринингтік тексеруден өтеді. Бұл скрининг тұқым қуалайтын метаболикалық ауруларды ерте анықтауға бағытталған және барлық жаңа туған нәрестелерді фенилкетонурия мен туа біткен гипотиреозды тексеруді қамтиды. Бүгінде жаңа туған нәрестелерді тұқым қуалайтын метаболикалық ауруларға неонаталдық скринингпен қамту 99,9% құрап отыр», – деді басқарма басшысы.
Сондай-ақ Абай облысында алғашқы медициналық-санитарлық көмек ұйымдарында 20 медбике қызмет жасайтын балаларды дамыту кабинеттері жұмыс істейді.
Дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Ержан Абылқасымов облыстың спорт саласында 23 мекеме жұмыс істейтінін айтты. Облыстағы 14 балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінде 14 мыңнан астам оқушы білім алуда. Жасөспірімдер мен жастардың дене шынықтыру мен спортқа деген қызығушылығын арттыру үшін биыл жеңіл атлетика мектебі ашылып, онда 269 бала мен жасөспірім жаттығады. Мектепте 13 жаттықтырушы бар, оның ішінде 7 штаттық.
«2023 жылы Абай облысының аумағында спорттық-бұқаралық іс-шараларды өткізуді және ұйымдастыруды қамтамасыз ететін «Спорттық-бұқаралық іс-шараларды өткізу орталығы» және «Ұлттық спорт ойындары және ат спорт түрлері бойынша спорттық клуб» құрылды. Бұл дене шынықтыру мен бұқаралық спортты дамытудың маңызды мәселесі спорттық инфрақұрылымды дамыту болып табылады. Облыста 537 спорт нысаны бар. «Арт спорт» бағдарламасы аясында 3800-ден астам бала спорттық үйірмелерге қатысады», – деді ол.
Облыстық мәдениет мекемелерінде көпбалалы және аз қамтылған отбасылардың мәдениет ошақтарына баруына ерекше жеңілдіктер қарастырылған. Атап айтқанда, 4 облыстық музейде, филиалдарымен қоса алғанда 9 музейде, көпбалалы және аз қамтылған отбасылардың балаларына, көпбалалы аналарға музейлерге кіру және экскурсия жүргізу қызметі тегін қарастырылған. Бұл тегін экскурсияларды пайдаланған балалардың жалпы саны – 9398.
Өз кезегінде Нұрлан Ұранхаев басқармаларға тиісті тапсырмалар беріп, жүктелген мәселелердің орындалуын өзі қадағалайтынын баса айтты.
Semeynews.kz