Абай облысыауылшаруашылығыҚоғамТОП

Абай облысында тұқымды түрлендіру бағдарламасы іске асырылуда

Абай облысы мал шаруашылығына бағытталған өңір. Шаруа қожалықтары ет өндіруге, өнімділігін арттыруға және ауыл шаруашылығы жануарларының тұқымдық сапасын жақсарту мақсатында қызмет жасайды. Малдың өнімділігін арттыру үшін тұқымды өзгертуге көңіл бөлу керек.

Биыл тұқымды түрлендіру бағдарламасына 99 842 бас асыл тұқымды мал енгізілді. Бұл ретте ірі қара мал немесе жалпы асыл тұқымды малдың 33,9%-ы.

Абай облыстық ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасымен «Тауарлық асыл тұқымды ірі қара мал басымен селекциялық-асылдандыру жұмыстарын жүргізу» бағытында 1620 өтініш мақұлданса, оның 378 өтініші кезекте тұрған өтініштерді өтеуге бағытталған.

Айта кетсек, 2022 жылдың аяғында облыста тұқымды конверсиялау бағдарламасына 1701 шаруа қожалығы мен 153,3 мың бас асыл тұқымды мал басы немесе жалпы асыл тұқымды малдың 48,6% қатысты. Селекциялық-асыл тұқымдық жұмыстарға 6200 асыл тұқымды бұқа пайдаланылды.

Semeynews.kz

Осы айдарда

Back to top button