ҚоғамМерекеСемейТОП

Семейде Жаңа жыл қарсаңында балаларға тәтті сыйлықтар таратылды

Биыл Семей қаласының әкімдігі демеушілерді тарта отырып, бірнеше іс-шараларды ұйымдастырды, – деп хабарлайды Semeynews.kz.

Кеше қала әкімдігінің ұйымдастыруымен әлеуметтік осал отбасылардың балаларына жаңа жылдық сыйлықтарды жеткізу бойынша эстафета өткізді. Шараның басты мақсаты – балаларға көтеріңкі көңіл күй сыйлау.

Мерекелік эстафетаның салтанатты ашылуы орталық алаңда өтті, онда 20 аяз ата мен ақшақар қаланың жас тұрғындарын келе жатқан Жаңа жылмен құттықтау үшін түрлі мекенжайларға барды. Жалпы саны 3500-ден астам бала Аяз ата мен Ақшақардан тәтті сыйлықтар алды.

Сонымен қатар, балаларға театрландырылған қойылымдар қойып ерекше қуаныш сыйлады.

«Біз өте қуаныштымыз. Міне, бүгін балаларға көңіл бөлініп жатыр. Биыл Семей қаласы әкімдігі балалар жылын жоғары дәрежеде қорытындылады»,- деп атап өтті қала тұрғыны.

Бұл қайырымдылық акциясы Семей қаласы әкімдігінің бастамасы бойынша АӘК алушылары болып табылатын көп балалы, аз қамтылған, сондай-ақ мүгедектігі бар балаларды тәрбиелеп отырған отбасылардың 2-11 жас аралығындағы балаларға таратылды.

Айта кетейік, бұл шара Семей қаласы әкімдігінің бастамасымен былтыр да ұйымдастырылған болатын.

Semeynews.kz

Осы айдарда

Back to top button