Абай облысыҚоғамМәдениетТОП

Абай облысында жас скрипкашылар байқауының жеңімпаздары анықталды

Қазақтың тұңғыш кәсіби скрипкашысы Айткеш Толғанбаев атындағы I Республикалық жас скрипкашылар байқауының гала-концерті өтті, – деп хабарлайды Semeynews.kz.

Байқауға республиканың бірнеше қаласынан 12 үміткер қатысты.

Байқау Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері Асқар Дүйсенбаев, «Құрмет» орденінің иегері Еркебұлан Сарапбаев және мәдениет үздігі Айжан Бекенованың скрипкада шығармаларды орындауымен жалғасты.

Байқау қорытындысында ІІІ орынды Атина Жәнібекова, Айғаным Сағынтаева, Малика Алматова иеленді. ІІ орынды Нұрай Рысқұлова, Жанел Төребай, Аружан Канафиева, І орынды Тожан Шәкерімова, Әмина Құрманқұлова иеленді. Байқаудың бас жүлдесі Еркайым Сапарбайға бұйырды.

Зарина Рысқали, Ақбота Мәуленқұл, Жасмин Ибраева республикалық байқаудың дипломанты атанды. Сонымен қатар, концертмейстер Наталья Галиулина алғыс хатпен және Альбина Ким «Үздік концертмейстер» арнайы марапатына ие болды.

Қазылар алқасының шешімімен Айткеш Толғанбаев қорының арнайы жүлдесі Тоғжан Шәкерімоваға, сондай-ақ «Үміт сыйлығы» Жасмин Ибраеваға бұйырды.

Айта кетейік, өткен жылы байқау облыстық деңгейде ұйымдастырылса, биыл бүкіл республикалық деңгейде өтті.

Semeynews.kz

Осы айдарда

Back to top button