
Бүгін Семей қаласы әкімі Нұрбол Нұрсағатов жақында Малайзияның Джохор Бару қаласында өткен Азия чемпионатының жеңімпазы Марина Алтайбаеваны қабылдап, оған «Қалаға сіңірген еңбегі үшін» төсбелгісін табыстады, – деп хабарлайды Semeynews.kz.
Алтайбаева Марина Васильевна – МС классикалық пауэрлифтингте +84 салмақ дәрежесінде өнер көрсетті. Ол 3 cанатты спорттық жарыстың, үшеуінен де чемпион атанды.
Нұрбол Нұрсағатов, өз кезегінде Халықаралық чемионаттың жеңімпазы М.Алтайбаева сәттілік тілеп, Қазақстан абройын халықаралық дәрежеде көтеріп жүргеніне өз алғысын жеткізді.
Semeynews.kz