Абай облысыҚоғамТОП

Ақсуат ауданында “Жаңа белестегі жастар” атты аудандық жастар форумы ұйымдастырылды

Ақсуат ауданының жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен “Жаңа белестегі жастар” атты аудандық жастар форумы ұйымдастырылды, – деп хабарлайды Semeynews.kz.

Жыл көлемінде әр салада табысты еңбек атқарған үздіктерге, түрлі аудандық, облыстық, республикалық іс-шараларға, байқауларға қатысушыларға марапаттар табысталды. Мерейлі шарада аудан әкімінің орынбасары Ахмет Әсетұлы құттықтау сөз сөйледі.

Жастар арасында жылдың үздіктері анықталып, 7 түрлі номинация тапсырылды.
Атап айтқанда:
“Жылдың үздік жас отбасы” номинациясымен Абусағиевтар отбасы (Құмкөл ауылы);
“Жылдың үздік жас спортшысы” номинациясымен Бауыржан Елубаев (Сәтбаев ауылы);
“Жылдың үздік жас ұстазы” номинациясымен Ақерке Шөберенова (Кіндікті ауылы);
“Жылдың жас кәсіпкері” номинациясымен Айсұлу Жұматаева (Ақсуат ауылы);
“Жылдың жас өнер иесі” номинациясымен Аяулым Баяхметова (Ойшілік ауылы);
“Жылдың жас волонтері” номинациясымен Мерей Қабықбаев (Көкжыра ауылы);
“Жылдың үздік жас дәрігері” номинациясымен Әйгерім Сағиева (Ақсуат ауылы) марапатталды. Жеңімпаздарға аудан әкімінің арнайы дипломдары, статуэтка, естелік сыйлықтар табыс етілді.

Сонымен қатар, аудандық “Жігіт сұлтаны” байқауының бас жүлдегері Жақсылық Серікбаев, облыстық “Аяулы жас келін” байқауының жүлдегері Эльмира Болатбекова, облыстық “Қозы көрпеш-Баян сұлу” байқауының бас жүлдегері Аяулым, Мерей Мейрамбековтер, облыстық, республикалық байқаулардың бірнеше дүркін жүлдегері, жас өнерпаз Бақтияр Орал, “Қазақстан-достық шаңырағы” атты облыстық этно-фестиваль қатысушысы Анель Каркен, облыстық “Жас әкелер” форумына қатысқаны үшін Мақсат Қабықбаев, жастар арасындағы іс-шараларға жүйелі түрде демеушілік көрсеткені үшін Әлібек Бейілғожин Аудан әкімінің Алғыс хаттарына ие болды.

Semeynews.kz

Осы айдарда

Back to top button