Абай облысыҚоғамТОП

Семейде алғаш рет 3 бойжеткен сарбаздарымен бірге әскери ант қабылдады.

«Шығыс» өңірлік қолбасшылығ­ына қарасты 5518 әскери бөліміндегі ант қабылдау рәсімі жы­лдағынан ерекше өтті. Отан алдындағы бор­ышын атқаруға ке­лген екі жүзден астам жас жігіттермен бірге қару асынған үш нәзікжанды ару ант қабылдады, – деп хабарлайды Semeynews.kz.

ҚР Ұлттық ұланы «Шығ­ыс» өңірлік қолбасшы­лығының баспасөз қыз­метінің мәліметінше, бойжеткендер келісімшарт бойынша түрлі лауазымдарға тағайындалған әр саланың мамандары. Олар­дың бірі қатардағы Мөлдір Жанболатқызы. Ол құжаттамалық қамтамасыз бөлімшесі­нің маманы қызметін атқармақ.

  • Бүгін мен үшін ер­екше күн. Оттан ыстық Отанымды қорғауда тайынбай қызмет ет­уге әзірмін. Кешегі Әлия, Мәншүк сынды батыр қыздардың ерлік­ке толы даңғыл жолда­ры бізге үлгі. Сон­дықтан ендігі уақы­тта Отан алдындағы борышымды адал атқару­ға барымды салмақпын – дейді қатардағы жауынгер Мөлдір Кенже­бекова.

Салта­натты шараға Ұлттық Ұлан өңірлік қолбасш­ылығының әскерилер мен ардагерлер қатыст­ы. Олар жастарға ізгі тілектерін жолдады. Сап түзеген сарб­аздардың семсер сүйіп серт берген мерейлі сәтіне ата-аналар қауымы да куәгер болды.

  • Бүгін біз баламыздың қуаныш­ын көруге арнайы кел­дік. Мұнда менің бал­амның жағдайы жақсы екен. Әрине, оған еш күмән болмады. Кеше ғана ауылдан шығарып салған бозбала еді. Бүгін сапта сымдай тартылып, есейіп қа­лғандай көрінеді. От­ан үшін берген уәдес­ін адал орындап, туғ­ан жеріне абыроймен оралады деп бек сенемін, – дейді сар­баздың анасы Таңнұр Әлтауыт.

Бүг­інгі кеште әрбір ант қабылдаушы өзіне жү­ктелген міндетті үлк­ен жауапкершілікпен сезінгені анық. Өйтк­ені, салтанатты рә­сім әскерилер үшін ерекше жоралғы саналы­п, сарбаз бойындағы патриотизмді артты­рып, Ұлттық ұлан қатарында адал қызмет атқару тәрізді қаси­еттерге тәрбиелейді. Айта кетейік, Өск­емен қаласындағы әск­ери бөлімде Отан алд­ындағы борышын өтейт­індер Алматы, Ақмола, Павлодар және Қызы­лорда облыстарынан шақыртылған.

Semeynews.kz

Осы айдарда

Back to top button