
Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Еркін Шүкіманның Абайдың музыкалық мұрасы «Көзімнің қарасы» атты кітабының тұсаукесері өтті, – деп хабарлайды Semeynews.kz.
Кітаптың тұсауын ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, ақын Тыныштықбек Әбдікәкімұлы, дәстүрлі әнші, Абай ауданының құрметті азаматы, қазақ ән өнерінің қайраткері Амангелді Жікенов, Абайдың «Жидебай-Бөрілі» мемлекеттік музей-қорығы директорының міндетін атқарушы
Қайрамбаева Мейрамгүл Сейітжапарқызы кесті.
Кітапта ақын, ойшыл, композитор Абай Құнанбайұлының әндері мен күйлері жинақталып, нотаға түсіріліп берілген.
Semeynews.kz