ҚоғамСемейТОП

Айтылды-орындалды: Семейде Комсомол кентінде 5 көше жарықтандырылды

Ағымдағы жылы Семей қаласында 55 көше жарықтандырулар жүргізілді. Сонымен қатар, “Мектепке жол” бағдарламасы аясында 6 мектепке апаратын көшелерде жаңа жарықтандыру тіректері орнатылды, – деп хабарлайды Semeynews.kz.

Семей қаласының әкімі Н. Нұрсағатов Комсомол кентінің тұрғындарымен көктем мезгілінде кездесу барысында жергілікті тұрғындардың түнде көшелермен жүру қараңғы және ыңғайсыз екені туралы шағымдарынан құлақдар болғаны белгілі. Кездесу барысында Нұрбол Нұрсағатов ТКШ бөліміне осы кенттегі  бес көшеге жарық беру туралы тапсырма берді.

Бүгінде Марсеков, Знаменская, Көкшетау, Раздольная, Жидебай көшелерінде жарық орнатылды.

Сондай-ақ, биыл Комсомоль кентінде 6 көшеге асфальт төселіп, автобус аялдамаларына павильондар орнатылды.

Semeynews.kz

Осы айдарда

Back to top button