Абай облысыҚоғамМерекеТОП

Абай облысында Президент шыршасы өтті

Семейде Қазақстан Республикасы Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың атынан «Қош келдің, Жаңа жыл» жаңа жылдық шырша мерекесі ұйымдастырылды, – деп хабарлайды Semeynews.kz.

Мемлекет басшысының атынан ұйымдастырылған ертеңгілікке облыс әкімі Нұрлан Ұранхаев арнайы қатысып, балғындарды келе жатқан жаңа жылмен құттықтады.

«Бүгін жылдың басты іс-шарасы Қазақстан Республикасының Президенті атынан өткізіліп жатыр. Сіздерді осы келе жатқан жаңа жылмен құттықтаймын. Сіздер сапалы білім алып, жақсы оқып, биіктерден көрініп, еліміздің лайықты азаматы болыңыздар. Сәттілік серіктеріңіз болсын. Еліміздің болашағы сіздердің қолдарыңызда. Біз сіздерге сенеміз! Жаңа жылда тілеген барлық тілектеріңіз орындалсын!», – деді облыс әкімі Нұрлан Ұранхаев.

Мерекелік бағдарлама аясында мектеп оқушылардың шығармашылық көрмесі, ертегі әлеміндегі кейіпкерлердің қатысуымен шоу-қойылымдар көрсетілді.

Биылғы президенттік шырша мерекесіне ата-анасының қамқорлығынсыз қалған бүлдіршіндер, аз қамтылған және көпбалалы отбасынан шыққан балалар, ерекше білім беруді қажет ететін, сондай-ақ спортта және білімде белгілі бір жетістікке жеткен 200 бала шақырылды.

Мерекелік шыршада әр оқушыға Президенттің құттықтау хаты, 100000 теңгеге сертификат, 2024 жылдың басты символы бейнеленген ойыншық түріндегі тәттілер мен сыйлық жиынтықтары табыс етілді.

Semeynews.kz

Осы айдарда

Back to top button