Абай облысыҚоғамТОП

Ұлттық экономика вице-министрі Абай облысына жұмыс сапарымен келді

Өңірге жұмыс сапары барысында Б.Құдайбергенов Семей қаласының «СемАз» ЖШС өндірісімен танысып, бірқатар нысандарды: «Зооветинститут», «35 квартал» қазандықтарын, №11 орта мектептің апатты ғимаратын аралап шықты, – деп хабарлайды Semeynews.kz.

«Ауыл – ел бесігі» бағдарламасы аясында жүзеге асырылған жобалардың сапасын бағалады. Атап айтқанда, ол Бесқарағай ауданы Бесқарағай ауылындағы бала бақшаға барды. Жобаның құны 96 млн теңгені құрайды. Нысан қолданысқа берілді.

Жалпы, өткен жылы «Ауыл – ел бесігі» бағдарламасы бойынша облыстың 42 ауылында 76 жобаны іске асыруға 8,5 млрд теңге бөлінді. Келесі жылы 7,8 млрд теңгеге 101 жобаны іске асыру жоспарлануда.

Бұдан бөлек, вице-министр Бесқарағай колледжінің ғимаратында жергілікті тұрғындармен кездесу өткізді. Шараға қатысушылар әлеуметтік нысандарды жөндеу және салу, жолдарды жөндеу мәселелерін көтерді.

Өз кезегінде вице-министр азаматтар көтерген барлық мәселелер мен ұсыныстар міндетті түрде қаралатынын атап өтті.

Semeynews.kz

Осы айдарда

Back to top button