Абай облысыҚоғамТОП

Абай облысының Ақсуат ауданында жастар форумы өтті

Ақсуат ауданының жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен «Жаңа белестегі жастар» атты жастар форумы өтті, – деп хабарлайды Semeynews.kz.

Жыл көлемінде әр салада табысты еңбек атқарған үздіктерге, түрлі аудандық, облыстық, республикалық іс-шараларға, байқауларға қатысушыларға марапаттар табысталды.

Жастар арасында жылдың үздіктері анықталып, 7 түрлі номинация тапсырылды. Атап айтқанда, «Жылдың үздік жас отбасы» Абусағиевтар отбасы, «Жылдың үздік жас спортшысы» Бауыржан Елубаев, «Жылдың үздік жас ұстазы» Ақерке Шөберенова, «Жылдың жас кәсіпкері» Айсұлу Жұматаева, «Жылдың жас өнер иесі» Аяулым Баяхметова, «Жылдың жас волонтері» Мерей Қабықбаев, «Жылдың үздік жас дәрігері» Әйгерім Сағиева марапатталды.

Жеңімпаздарға аудан әкімінің арнайы дипломдары, статуэтка, естелік сыйлықтар табыс етілді. Сонымен қатар, ауданның дамуына қосқан үлестері үшін белсенділерге алғыс хаттар табысталды.

Жиналғандар үшін көрме ұйымдастырылып, концерттік бағдарлама ұсынылды.

Semeynews.kz

Осы айдарда

Back to top button