Абай облысыҚоғамТОП

Абай облысында әлеуметтік-экономикалық даму мәселелері талқыланды

Абай облысының әкімі Нұрлан Ұранхаевтың төрағалығымен жиын өтті. Жиналысқа қала, аудан әкімдері, басқарма басшылары қатысты, – деп хабарлайды Semeynews.kz.

Жиын барысында Абай облысының әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындылары қаралып, бюджет қаражатының болжамды игерілуі жөнінде талқыланып, негізгі капиталға инвестиция тарту мәселесіне назар аударылды. Сонымен қатар, Қазақстан Республикасы Президентінің тапсырмаларының орындалу барысы жөнінде сөз қозғалды.

Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы, Қаржы басқармасының, кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасының басшысы мен облыс әкімінің аппарат басшысының орынбасары баяндама жасады.

Жиын соңында Нұрлан Ұранхаев тиісті басқармалар мен қала, аудан әкімдеріне бірқатар тапсырма жүктеді. Бұл бағыттағы жұмыстар қарқынды жүргізілуде.

Semeynews.kz

Осы айдарда

Back to top button