ҚоғамСемейТОП

Семейде энергетика саласының мамандарына құрмет көрсетілді

Бүгін қалалық мәдениет сарайында Энергетиктер күніне арналған салтанатты концерт өтті, – деп хабарлайды Semeynews.kz.

Салтанатты іс-шараға Семей қаласының әкімі Нұрбол Нұрсағатов және энергетика басқармасының басшысы Серик Туленбергенов қатысты. Жиын барысында қала әкімі әр ауданнан келген сала мамандарына «Еңбек сіңірген энергетик», «Құрметті энергетик», «Электр энергетика саласына қосқан үлесі үшін медалдарымен марапаттап, облыс әкімінің алғыс хаттарын табыстады.

Бұдан бөлек, қала әкімі Нұрбол Нұрсағатов қалағадағы энергетика саласына еңбегі сіңген мамандарға алғыс айтып құттықтау сөз сөйледі.

“Сіздер күн сайын ауа райының маусымы мен мерзіміне қарамастан, қаламыздың  игілігіне адал қызмет етесіздер. Өндірістік міндеттерді орындау және өзара көмек көрсету жауапкершілігі үшін әріптестеріме Семей қаласы әкімдігі атынан зор алғысымды білдіремін»,- деп атап өтті Нұрбол Нұрсағатов.

Шара барысында қала әкімі қарапайым еңбегімен көзге түскен «Теплокоммунэнерго» МКК және «БЭСК” АҚ мамандарына Құрмет грамотасы мен алғыс хаттар табыстады.

Semeynews.kz

Осы айдарда

Back to top button