Абай облысыҚоғамСпортТОП

Көкпекті ауданында “Көкпекті барысы – 2023” турнирі өтті

Абай облысының Көкпекті ауданында ұлттық спорт түрлерін насихаттау мақсатында қазақ күресінен “Көкпекті барысы – 2023” турнирі өтті. Сайыста жалпы жиыны 50-ден аса спортшы бақ сынасты, – деп хабарлайды Semeynews.kz.

Жарыс оқушылар арасында 2 салмақ дәрежесінде (50 кг дейін және 50 кг аса ауыр салмақта) ересектер арасында 18-35 жас және 36 жастан асқан балуандар арасында өтті.

Жарыстың салтанатты ашылуына аудан әкімі Ділдәбек Оразбаев қатысып, боз кілемдегі балуандарға сәттілік тіледі.

Тартысты белдесу нәтижесі бойынша:
Оқушылар арасында 50 кг дейінгі салмақта:
І орын – Құралбеков Руфат
ІІ орын – Капаров Ерсін
ІІІ орын – Қоңырбаев Азамат

Оқушылар арасында 50 кг дейінгі салмақта:
І орын – Әлімбек Әлімжан
ІІ орын – Бигалиев Мирас
ІІІ орын – Ахметкалиев Бауыржан

Ересектер арасында 18-35 жас аралығында:
І орын – Арғынов Ерзат
ІІ орын – Тұқышев Дидар
ІІІ орын – Нұрғазинов Диас

36 жастан асқан ересектер арасында:
І орын – Изгуттинов Арман
ІІ орын – Турлыбеков Дулат
ІІІ орын – Нұрлан Ермек

Барлық жеңімпаздар мен жүлдегерлер арнайы белдікпен және ақшалай сыйлықтармен марапатталды.

Semeynews.kz

Осы айдарда

Back to top button