ҚоғамМерекеСемейТОП

Семейде Орталық алаңда шырша шамы жағылды

Кеше Абай облысының орталығы Семей қаласында басты жаңа жылдық шыршаның шамдарын жағуға қала әкімі Нұрбол Нұрсағатов және қала активтері қатысты, – деп хабарлайды Semeynews.kz.

Шырша биіктігі 19 метрді құрайды. Жаңа жыл мерекесінің нышанын безендіруге 2000 метрден астам жарықдиодты гирляндалар пайдаланылды және жүзден астам түрлі ойыншықтар ілінді.

Қала тұрғындарына ертегі кейіпкерлерінің, би ұжымдарының, Мәдениет үйінің әртістерінің қатысуымен концерттік бағдарлама ұсынылды. Аяз Ата мен Ақшақар балаларға ертегідей көңіл-күй сыйлады.

Айта кетсек, қаланың аудандарында түрлі шағын архитектуралық нысандар орнатылған.

Semeynews.kz

Осы айдарда

Back to top button