Абай облысыҚоғамСпортТОП

Семейде Тәуелсіздік күні мерекесіне орай үстел теннисінен «Шығыс» өңірлік қолбасшылығының чемпионаты өтті

Әскери – қолданбалы спорт түрлерінен ХХІ Спартакияда аясындағы сайысқа Семей, Өскемен, Үшарал, Аягөз қалаларынан келген 15 құрама команда қатысты, – деп хабарлайды Semeynews.kz.

Мұндағы басты мақсат – салауатты өмір салтын насихаттап, әскерилердің тениске деген қызығушылығын арттыру.

Салтанатты шара еліміздің Әнұранымен ашылып, көк туымыз аспанда қалықтады. Алғаш болып сөз алған «Шығыс» өңірлік қолбасшылығы әскерлерінің қолбасшысы полковник Жеңіс Маралов қатысушыларға қызықты ойын, лайықты қарсылас пен жеңіске деген ерік – жігер тіледі.

«Шығыс» өңірлік қолбасшылығының әскери бөлімдер арасындағы сайыс нәтижесі бойынша жалпы командалық есепте 28738 әскери бөлімінің командасы жеңімпаз атанды. Екінші орынды Аягөз қаласынан келген 10810 әскери бөлімінің командасы еншілесе, үшінші орынды 32388 әскери бөлімі қанжығасына байлады.

Ал әйелдер арасында жарыстың қорытындысы бойыншы І орынды – 10181 әскери бөлімінен қатардағы Айнаш Сабитова жеңіп салса, ІІ орынды – 28738 әскери бөлімінен қатардағы Құндыз Жунуспекова иеленді. Ал ІІІ орын 44793 әскери бөлімінен ефрейтор Дина Алиноваға бұйырды.

Ерлер де құр алақан емес. Айталық, І орыннан – 10810 әскери бөлімінен майор Төлеген Тоғанбаев көрінсе, ІІ орынды 28738 әскери бөлімінен капитан Архат Асқаров иеленді. Ал ІІІ орынға ие болған 27943 әскери бөлімінен 2 сынып сержант Айдын Иманғалиев марапатталды.

Жеңімпаздар диплом, кубок, медальдармен марапатталды.

Semeynews.kz

Осы айдарда

Back to top button