Абай облысыҚоғамТОП

Абай облысының Үржар ауданында «Дипломмен ауылға» бағдарламасы жүзеге асырылуда

Үржар ауданында «Дипломмен ауылға» бағдарламасы қарқынды жүзеге асырылуда, – деп хабарлайды Semeynews.kz.

Жас мамандарға 15 жылға дейін жылдық 0,01% сыйақы мөлшерлемесімен бюджеттік несие түріндегі әлеуметтік қолдау шараларын алу мүмкіндігі бар. Маман ауылдық жерде кемінде үш жыл жұмыс істеуге міндетті.

Тұрғын үй сатып алу үшін биыл бюджеттік несиеге 72 млн 750 мың теңге көлемінде қаражат бөлінді. Есепті кезеңде 15 маманға көтерме жәрдемақы (спорт саласында – 2, денсаулық сақтау – 6, агроөнеркәсіп кешенінде – 2, білім беру – 5), сондай-ақ 14 маманға бюджеттік несие (спорт саласы -1, денсаулық сақтау – 6, агроөнеркәсіптік кешен саласы -1, білім беру саласы -6) берілді.

Анықтама үшін: Үржар ауданында 2009 жылдан бері «Дипломмен ауылға» бағдарламасы аясында тұрғын үй сатып алуға 565 млн теңге бөлінген.

Semeynews.kz

Осы айдарда

Back to top button