Абай облысыҚоғамТағайындауларТОП

«Шығыс» өңірлік қолбасшылығының қолбасшысы тағайындалды

Қазақстан Республикасы Президенті әкімшілігінің келісімімен​ Ішкі істер министрінің бұйрығымен Ұлттық​ ұланның​ «Шығыс»​ өңірлік​ қолбасшылығының​ қолбасшысы ​лауазымына​ генерал-майор​ ​Арман Жұмағалиев тағайындалды, – деп хабарлайды Semeynews.kz.

Жаңа қолбасшыны жеке құрамға​ ҚР Ішкі істер министрінің орынбасары-Ұлттық ұланның ​ Бас қолбасшысы генерал-лейтенант Еркін Ботақанов таныстырды.

  • Арман Мақсотұлы баршаңызға білікті әскери қолбасшы ретінде жақсы таныс. Әскери жолын​ курсант пен лейтенанттан генерал-майорға дейін,​ взвод командирінен өңірлік ауқымдағы қолбасшыға дейін жүріп өткен білікті офицер. Арман Мақсотұлы​ «Шығыс» өңірлік қолбасшылығының жауынгерлік-қызметтік​ тынысына жаңа серпін беретініне сенімдімін,- деді Еркін Советбекұлы.

Генерал-майор Арман Жұмағалиев​ бұған дейін Қазақстан Республикасы​ Ұлттық ұланы «Батыс»​ ​ өңірлік​ ​ қолбасшылығының қолбасшысы лауазымында қызмет еткен.

Semeynews.kz

Осы айдарда

Back to top button