Абай облысыҚоғамТОП

Абай облысының мектептеріне жаңа модификация кабинеттері жеткізілді

2023 жылы Абай облысында ауылдық жерлерде жаңа модификациядағы 36 кабинет сатып алу жоспарланған. Сондай-ақ, пән кабинеттерімен қамтамасыз ету мақсатында қаржыландыру есебінен қаражат бөлініп, 50 кабинет толық жабдықталды, – деп хабарлайды Semeynews.kz.

Қазіргі таңда облыстағы білім беру мекемелері биология, физика, химия және STEM кабинеттермен қамтамасыз етілген. Мұнда 10 биология, физика және химия кабинеті, сонымен қатар 6 STEM кабинеті бар. Қала және ауыл мектептеріндегі пән кабинеттері жыл сайын жаңартылып отырады.

Кабинеттер заман талабына сай жаңа заманауи жабдықтармен жабдықталған. Биология, химия, физика кабинеттері зертханалык жұмыстар жүргізуге лайықталып, оқу және техникалық құралдармен қамтамасыз етілген. Оқу кабинеттеріне мұғалім мен оқушыларға парта, шкаф, демонстрациялық үстел, интерактивті панель, компьютер, мультимедиялық зертхана қойылған, желілік сүзгі, гарнитура және үздіксіз қуат көзімен жабдықталды.

Айта кетсек, Абай облысында 100 102 бала контингенті бар 302 жалпы білім беретін мектеп жұмыс істейді. Үш ауысымда оқитын мектептер жоқ. Оның 45-інде оқушылар орны жетіспейді, бұл мәселені шешу үшін жалпы сыйымдылығы 5700 орындық 11 жаңа мектеп (қалада 4200 орындық 6 мектеп және ауылдық жерде 1500 орындық 5 мектеп) салу жоспарланған.

Semeynews.kz

Осы айдарда

Back to top button