Абай облысыҚоғамТОП

Жарма ауданында ерекше қажеттіліктері бар жандарға арналған автокөлік берілді

Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күнін мерекелеу қарсаңында Қалбатау ауылындағы аумақтық әлеуметтік қызмет көрсету орталығына ерекше жандарға арналған арнайы автокөлік табыс етілді, – деп хабарлайды Semeynews.kz.

Аудан әкімі Жарқынбек Байсабыров әлеуметтік қызмет көрсету орталығының ұжымына жаңа автокөліктің кілтін табыстады. Орталықта қызмет алушыларды тасымалдауға арналған көліктер облыстық бюджеттен 23 миллион теңгеге сатып алынды.

Бұған дейін 10 жылдан астам пайдаланылған көліктің тозығы жеткен. Аумақтық әлеуметтік қызмет көрсету орталығында 313 аудандық қызмет алушыға қажетті әлеуметтік қызметтің 8 түрі көрсетіледі. Оның ішінде 268 қызмет алушы үйде, 45-і жартылай стационарлық күндізгі бөлімшеде.

Жоспарға сәйкес қызмет алушылар арасында түрлі әлеуметтік-мәдени шаралар өткізіліп жатыр. Арнайы көліктер қызмет алушылардың экскурсияларға, көрмелерге, концерттерге және сауықтыру іс-шараларына баруына қолайлы жағдай жасайды.

Осылайша, бұл ерекше қажеттіліктері бар адамдардың аудан өміріне толық қатысуына, олардың ерекше құндылықтарымен тең мүмкіндіктерінің қалыптасуына ықпал етеді.

Semeynews.kz

Осы айдарда

Back to top button