ҚоғамСемейТОП

Семейде құтқарушылар ата-аналарды жазғы демалыс маусымында балаларды мұқият қадағалауды сұрайды

Демалыстың басталуымен балаларды жолдарда, көшелерде, үйлерде, су айдындарында және т.б. жерлерде жоғары қауіп күтеді. Бұған балалардың қызығушылығы, бос уақытының, сапарының болуы, ең бастысы ересектер тарапынан тиісті бақылаудың болмауы ықпал етеді, деп хабарлайды Semey News.

Ата-аналарға балалардың демалыс уақытындағы

қауіпсіздік туралы жадынама!

 

Балалардың ата-аналарымен, туыстарымен, достарымен демалысын ұйымдастырған кезде демалуы және сау болуы үшін өмірді сақтауға көмектесетін бірқатар ережелер мен шарттарды есте ұстаған жөн. Балалармен жеке әңгімелер жүргізіңіз, осы ережелердің ең маңызды және қиын тұстарын зерделеп, түсіндіріңіз, балаларда жеке қауіпсіздікті қамтамасыз ету дағдыларын қалыптастырыңыз және балалардың бос уақыты мәселесін шешіңіз.

Семей қ. ТЖ Басқармасы ата-аналардан балаларын мұқият қадағалауын сұрайды!

Балаларға су айдындағы қауіпсіз мінез-құлық ережелерін үйретіңіз:

 

  • Су айдындарына ересектер тарапынан қараусыз балаларды жіберуге болмайды;
  • Бала суда болған кезде, одан көзін алмаңыз, басқа заттарға көңілінізді бұрмаңыз – кейде секундтар қайғылы жағдайға айналуы мүмкін;
  • Балаларға жағадан бейтаныс жерде сүңгуге болмайтындығын міндетті түрде түсіндіріңіз;
  • Шомылатын балаларды қарап жүрген ересек адам өзі жүзе білуі, алғашқы көмек көрсетуі, жасанды тыныс алу және жүрекке жанама массаж жасау әдістерін игеруі керек;
  • Балалар шомылатын орын, жорықтар, серуендер мен экскурсиялар кезінде жазғы уақытта түбі балдырлардан және тұнбалардан жұмсақ әрі таза болатын тыныш, таяз орынды таңдаңыз;

Балалардың судағы тентектігін батыл түрде тоқтатыңыз!

  • Балаңызды шомылу үшін жүзу құралдарын (үрленетін матрацтар мен камералар) пайдаланбаңыз.
  • Балаңызбен қайықта құтқару құралдарынсыз (құтқару кеудешесі немесе шеңбері) жүзбеңіз.
  • Өзеннің түбің білмей одан өтпеңіз, сіз шұңқырға кіріп кетүіңіз мұмкін.

 

Балалардың өмірі мен денсаулығын сақтау – ересектердің басты міндеті!

Балаларыңыздың демалысы сәтті өтуі үшін және сіздің демалысыңыз бұлыңғыр болмауы үшін бәрін жасаңыз. Есіңізде болсын, табиғат бойынша балалар ұқыпсыз және сеніш болып келеді. Балалардың назары шашыраңқы болады. Сондықтан, балаға қарапайым мінез-құлық ережелерін қаншалықты жиі еске түсірсеңіз, соғұрлым бала оларды есте сақтайді. Сіз оларға үнемі еске салуыңыз керек.

Кез келген төтенше жағдай туындаған жағдайда 112 – шұғыл қызметтердің бірыңғай шақыру нөміріне қоңырау шалыңыз.

Semey News

Осы айдарда

Back to top button