ҚоғамМерекеСемейТОП

Семейде Қайрат Рысқұлбеков ескерткішіне гүл шоқтары қойылды

Бүгін Семейліктер азаттық пен Тәуелсіздік жолында адалдық пен еліне деген жанқиярлықтың үлгісін көрсетіп, алаңға шығып теңдік талап еткен қаһармандардың рухына бас иіп, тағзым жасады, – деп хабарлайды Semeynews.kz.

Тағзым шарасына облыс әкімі Нұрлан Ұранхаев, облыстық мәслихат төрағасы Қуаныш Сүлейменов, қоғам белсенділері, желтоқсан оқиғасының қатысушылары, Ардагерлер кеңесінің мүшелері, зиялы қауым және жастар өкілдері жиналды.

Қатысушылар Тәуелсіздік жолында күресіп, желтоқсан оқиғасында құрбан болғандарды бір минут үнсіздікпен еске алды. Осыдан кейін мемлекеттік гимні шырқалды, сондай-ақ Қайрат Рысқұлбековтің ескерткішіне гүл шоқтарын қою рәсімі өтті.

Semeynews.kz

Осы айдарда

Back to top button